Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қараусыз жайылған жылқылар жолға шығып кеткен

Павлодар облысы Тереңкөл ауданының полицейлері қараусыз жүрген малдардың иесін анықтап, оның малын бағу үшін жылқышыға тапсырғанын анықтады және жауапсыз жылқышыға әкімшілік шара қолданылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар полицейлері қараусыз жайылып жүрген малды анықтау бойынша іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады.

– 7 наурызда Тереңкөл ауданының полиция бөліміне Ивановка ауылының маңындағы «Тереңкөл-Михайловка» автожолының 20 шақырымында жылқы үйірінің қараусыз жүргені туралы қоңырау түсті. Учаскелік полиция инспекторы Қуаныш Жаяубаев қараусыз жүрген мал иесін бірден анықтады, алайда мал иесінің жылқыларын бағу үшін жылқышыға тапсырғаны белгілі болды. Алайда ол жауапсыздық танытып, өз міндеттеріне немқұрайлы қараған. Соның салдарынан жылқылар жолға шығып кетіп, тәуліктің қараңғы уақытында жолда төтенше жағдай туғызды, осылайша жүргізушілер мен жолаушыларға қауіп төнді, – деді Тереңкөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Арман Кәрімов.

Полицейлер жауапсыз жылқышыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабының 1-бөлігі (Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген, қалаларда және басқа да елдi мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) және 615-бабының 1-бөлігі (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы)
 бойынша әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру