Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде есірткі толы шприцпен жүрген нашақор ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері ішінде есірткісі бар шприцпен жүрген нашақорды құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласының ПБ Солжағалау полиция бөлімінің қызметкерлері есірткілік масаң күйдегі 34 жастағы ер адамды ұстады. Оны жеке тінту барысында күртешесінің сол жақ ішкі қалтасынан ішінде қоңыр түсті сұйықтығы бар шприц табылды.

Маманның қорытындысына сәйкес, алынған зат – жалпы салмағы 0,0511 грамды құрайтын “экстрациондық опий” есірткісі болып табылады.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) 
сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру