Павлодар облысында қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 5 мыңнан астам адам жазаланды
Павлодар облысында қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 5 мыңнан астам адам жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Павлодар облысында спирттік ішімдіктерді ішкені және мас күйінде қоғамдық орындарға шыққаны үшін 5419 тұрғын ұсталды.
Павлодар қаласында демалыс күндері тәртіп сақшылары 100-ден астам адамды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырды.
Мысалы, қала тұрғыны жол бойында мас күйде жүріп, төтенше жағдай туғызған, ал тағы бір тұрғын кейінірек аулада алкоголь ішіп, осылайша тұрғындарға жұмыстан кейін тыныш демалуға мүмкіндік бермеген. Басқа жағдайда, тұрғындар алкогольді көп ішіп, үйге барғысы келмеген қонаққа шағымданды.
Ал тағы бір қала тұрғыны керісінше, қонақтан шығып, жолда ұйықтап қалған. Полиция қызметкерлері бұл ер адамды Павлодар қаласының уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырды, өйткені ол медициналық қорытындыға сәйкес орташа мас күйінде болған. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.