Павлодар облысында қоғамдық орындарды ластаған 1700-ге жуық азамат жауапқа тартылды
Павлодар облысында қоғамдық орындарды ластаған 1700-ге жуық азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Адамгершілік пен этика нормаларын тәрбиелеу балалық шақтан басталады және қоғамдағы адамның тәртібін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Осыған қарамастан, азаматтар жол берілмейтін тәртіп танытып, қоғамдық орындар мен көшелерге қоқыс тастайды.
– Мысалы, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Павлодар қаласында Сұрағанов – Геринг көшелерінің қиылысында көлік құралын жүргізіп келе жатып, жерге түкірген Toyota Highlander автокөлігінің жүргізушісі анықталды, ол өзінің осындай қылығы арқылы жалпы пайдалану орындарын ластады. Қала тұрғынына қатысты жасалған бұзушылық үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік материал толтырылды, оған қоса жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін осы жүргізушіге қатысты материал толтырылды және 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды – дейді Павлодар қаласы полиция басқармасының бірінші орынбасары Қанат Дүйсекенов.
Жыл басынан бері осы құқық бұзушылықты жасағаны үшін 1678 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.