Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қоғамдық жұмыстардың тиімділігін арттыруға арналған дөңгелек үстел өтті

Ақсу қаласында полиция, прокуратура, сот және жергілікті әкімдік өкілдерінің қатысуымен қоғамдық жұмыстар мәселесіне арналған дөңгелек үстел өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық жұмыстар – құқық бұзушыларды қоғам алдында жауапкершілікке үйретудің тиімді тәсілі, бірақ оның нәтижелі болуы үшін нақты бақылау жүйесі қажет.

Кездесу барысында судьялар қаулы шығару тәртібі мен жұмыстың басталуын жедел хабарлаудың маңызын түсіндірді. Прокуратура өкілдері жұмыстың шынайы орындалуын қатаң қадағалау керегін айтты. Полиция мен әкімдік құқық бұзушылардың жұмыс істеген уақытын есепке алу және тәртібін қадағалау тәсілдерін талқылады.

– Бұл кездесу бізге жұмыс сағаттарын салыстыруға және бірыңғай алгоритм жасауға мүмкіндік береді. Мақсатымыз – жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етіп, әр құқық бұзушының қоғамға пайдасын тигізуін қадағалау, – деді Ақсу қаласы ПБ бастығының орынбасары Алмас Баймбет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру