Жеңіс күніне орай Павлодар облысы полиция департаментінің өкілдері ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің отбасыларына барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында Жеңіс күніне орай ардагерлерге құрмет көрсетілді. Іс-шара барысында Сергей Выжутович, Қабиден Жетпісов, Мәдениет Арынов және Төлеш Иманжапаровқа арнайы құрмет көрсетіліп, мерекелік лебіздер айтылды.
Ардагерлердің үйлеріне госпиталь дәрігерлері барып, медициналық тексеру жүргізді. Алғашқылардың бірі болып Сергей Выжутовичтің шаңырағына барды. Ол Екінші Беларусь майданында соғысқан, Польшаға дейін жетіп, жеңісті Росток қаласында қарсы алған. Биыл шілде айында ардагер 100 жасқа толады.
Департамент бастығының орынбасары Жандос Орымбаев пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақберді Абраев ардагерлермен кездесіп, алғыс білдіріп, мықты денсаулық тіледі.
Кездесу барысында ардагерлердің соғыс жылдарындағы ерлігі мен елді қалпына келтірудегі еңбегі ерекше аталып өтті. Сондай-ақ олар көрсетілген құрмет пен қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, әріптестеріне Отан игілігі жолындағы қызметтеріне табыс тіледі.