Павлодар облысында тұрғыннан 57 ағаш кесіндісі тәркіленді
Павлодар облысында тұрғыннан заңсыз кесілген 57 ағаш кесіндісі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шарбақты аудандының полиция қызметкерлері рейдтік іс-шара өткізу кезінде 32 жастағы ауыл тұрғынын қарағай тұқымды сүрегін заңсыз кескен деген күдікпен ұстады. Полицейлер түрлі көлемдегі 57 ағаш кесіндісі тәркіледі.
– Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБК 381-1-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жіберілді, – деді Павлодар облысы Шарбақты аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков.
Сот шешімі бойынша тәртіп бұзушыға 50 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары мен заттары тәркіленді.
Жыл басынан бері ҚР ӘҚБК 381-1-бабы бойынша заңсыз ағаш кескені үшін 21 бұзушы жауапкершілікке тартылды.