Павлодар облысында заңсыз ағаш кескендер ұсталды
Павлодар облысында заңсыз ағаш кескендер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында табиғатты қорғау полицейлері заңсыз ағаш кесу фактілерін анықтады.
Мәселен, 1 қарашада Аққулы ауданының полицейлері «Ертіс Орманы» РММ қызметкерлерін 1 млн. теңгеге жуық «қарағай» түріндегі қураған ағаштарды заңсыз кесу және ұрлады деген күдікпен ұстады.
– Рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер Шакин ауылдық округінде белгісіз тұлғалардың Баймбет орманшылығы аумағында әртүрлі орамдарда 18,25 текше метр көлемінде «қарағай» түріндегі қураған ағаштарды заңсыз кескендерін, дайындағандарын және әкеткендерін анықтады. Жүк көлігінің іздері полиция қызметкерлерін көрші облыстағы ауылдардың біріне апарды. Ауылды аралау кезінде полицейлер ауласына орман ағаштары жиналған үйді анықтады. Бұл ағаштар заңсыз кесу орнында табылған ағаштарға ұқсас болды. Сондай-ақ, үйдің ауласында ағаш өңдеуге арналған аралау-станок орналасқан, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Заңсыз ағаш кесу фактісі Шарбақты ауданында да анықталды. Орман ұрлады деген күдікпен 36 жастағы павлодарлық анықталып, ұсталды, ол 12 қазанда Шалдай ауылдық округінің Садық-ащы ауылының жанындағы орман алқабында құрғақ және дымқыл өскен орманды заңсыз кесіп тастаған. Шығын сомасы 1 млн. теңгеден асты.
Полиция екі факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 340-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер орманды заңсыз кесу мен ұрлаудың 35 фактісін анықтады.