Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

18 жастағы жамбылдықтан атыс қаруы табылды

Жамбыл облысының тұрғынынан атыс қаруы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қарашада Тараз қалалық Полиция басқармасының 102 пультіне қала тұрғынынан көңіл көтеру орындарының бірінің ауласында қарудың атылған даусы шыққандығы жайлы хабарлама түскен.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тез арада аталған оқиға орнына жетіп, Жамбыл облысы Қаратау қаласының 18 жастағы тұрғынын травматикалық тапаншамен ұстаған.

Ұсталғанның айтуынша, тапаншаны тек ойын үшін, қорқыту мақсатында аспанға атқан. Оның ойыншық екендігін, әлеуметтік желідегі дүкендердің бірінен ойыншық патрондарымен бірге сатып алғандығын және құжаттарын үйінде қалдырып кеткендігін айтты.

Ұсталған тұлғалар Полиция басқармасына процесуалдық шешім қабылдау үшін жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру