Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер жасөспірімді қағып кеткен жүргізушіні ұстады

Қызылордада полицейлер жаяу жүргіншіні қаққан жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 қазан күні сағат 21:14 шамасында шамасында облыстық балалар ауруханасынан “102” арнасына жол көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатымен жасөспірім түсті деген хабарлама түскен.

Тексеру барысында сағат 18:35 шамасында Қызылорда қаласы Толыбеков-М.Әуезов көшелері қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінен келе жатқан жаяу жүргіншіні белгісіз автокөлік қағып, оқиға орнынан бой тасалап кетіп қалғаны анықталды.

Орын алған ЖКО бойынша жедел түрде іздестіру шаралары басталып, оқиға орнынан сұрастыру жұмыстары жүргізілді.

Кешенді іздестіру шараларының нәтижесінде кезекші тәулікте күдікті автокөлік анықталды. Көлік тізгіндеген 32 жастағы қала тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) және 611-бабының 2-бөлігімен (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Жаяу жүргіншінің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Түпкілікті шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар сотқа жіберіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру