Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында заңсыз балық аулаған тұрғындар анықталды

Павлодар облысы Аққулы ауданының ПБ қызметкерлерімен балық аулау фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйтей ауылының маңындағы Ертіс өзенінің жайылмасында патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері “Mitsubishi” маркалы көлікті тоқтатты, онда үш адам болған. Автокөлікті қарау кезінде тыйым салынған балық аулау құралдары (моножіптен және моноталшықтан жасалған балық аулау торлары), мөңке және шортан балықтары анықталды.

Екі құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігі (Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Оларға 3 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ал үшінші құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 3-бөлігі (Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал Аққулы ауданының сотына жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру