Павлодар облысында заңсыз мал тасымалдаған ауыл тұрғыны жазаланды
Павлодар облысында заңсыз мал тасымалдаған ауыл тұрғыны жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері мал ұрлығы фактілерінің жолын кесу және тиісті құжаттарсыз үй малын заңсыз тасымалдау жағдайларын анықтау бойынша профилактикалық және рейдтік іс-шараларды жалғастыруда.
Мысалы, 12 маусымда тәртіп сақшылары республикалық маңызы бар М38 Омбы-Майқапшағай автожолында Павлодар ауданы Мичурино ауылының маңында Lada автокөлігін тоқтатты. Онда 58 жастағы жүргізуші екі бас ірі қара мал тасымалдады. Құжаттарды тексеру кезінде автокөлік жүргізушісінде ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау үшін ілеспе құжаттар болмағаны анықталды.
Полиция қызметкері құқық бұзушылық болған жерге Павлодар ауданының ветеринарлық қызметінің қызметкерін шақырды. Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік іс қозғалды.