Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ЖБО камераларының көмегімен 150-ден астам қылмыс ашылды

Павлодар облысында ЖБО камераларының көмегімен 150-ден астам қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы жылдың ағымдағы кезеңінде Павлодар облысында Жедел басқару орталығының орнатылған бейнебақылау камераларының көмегімен 150-ден астам қылмыс ашылды. Олардың көпшілігі – ұрлық.

– Бұдан басқа, бейнекамералардың айқын көріністерінің арқасында 7 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзу – 2644, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу – 113, қоғамдық орындарда тиісу 431 және 272 ұсақ бұзақылық фактілерінің жолын кесуге қол жеткізілді, – деді Павлодар қалалық ПБ ЖБО бастығы Ринат Шамгунов.

Мысалы,  14 мамырда сағат 16.07 шамасында «102» пультіне қала тұрғынынан белгісіз ер адам Ломов көшесінің бойында орналасқан дүкендердің бірінің жанында велосипед ұрланды деген хабарлама келіп түсті.

– Алынған ақпарат бойынша, бейнебақылау инспекторлары көше камералары арқылы көрсетілген ауданды қарау кезінде Ломов көшесінде белгілері ұқсас велосипедпен жүрген ер адамды анықтады. Кейіннен жоғарыда аталған ер адам ұсталды. Кейіннен күдікті полицияға жеткізіліп, ұрланған велосипед заңды иесіне қайтарылды, – деп түйіндеді спикер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру