Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жол апатынан 38 жастағы жолаушы көз жұмды

Павлодар облысында жол апатынан 38 жастағы жолаушы көз жұмд, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 маусым сағат 06.30-да Омбы-Майқапшағай автожолының 12 шақырым жердегі Аққулы ауылының жанында Nissan автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылып кеткен.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан 38 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан апат орнында көз жұмды. Жүргізуші мен 29 жастағы жолаушы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, – деп хабларлайды Павлодар облысы Полиция департементінің баспасөз қызметі.

Тағы бір оқиға сол күні 13.00-де Успен ауданы Тимирязево ауылының маңында орын алды. 28 жастағы YAGI мотоциклінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан 10 жастағы жолаушы жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Полицияда атап өткендей, көлік құралдары арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Екі факті бойынша да тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру