Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жүргізуші куәлігінен айырылған екі азамат мас күйде қайта көлік тізгіндеген

Павлодар облысында жүргізуші куәлігінен айырылған екі азамат мас күйде қайта көлік тізгіндеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2024 жылдың бірінші күні Ақсу қаласында полиция қызметкерлері Ауди 100 автокөлігін тоқтатты, жүргізушінің тәртібі полицейлердің күдігін туғызды. Куәландыру кезінде мамандар жүргізушінің мас күйде екендігі туралы анықтама берді.

Сол күні Баянауыл ауданының Майқайың ауылында Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі тоқтатылды. Куәландыру полицейлердің алаңдаушылығын растады. Жүргізуші мас болған.

– Тексеру кезінде екі жүргізушінің де осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін көлік құралын басқару құқығынан бұрын айырылғаны анықталды. Тыйым салынғанына қарамастан, олар қайтадан көлік жүргізіп, қайтадан мас күйінде отырды. Мас күйде автокөлікті қайта жүргізгені үшін жүргізушілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Автокөліктер айып тұрағына қойылды, – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Айта кету керек, 2023 жылы тәртіп сақшылары мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін, бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған 76 жүргізушіні ұстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру