Павлодар облысындағы колонияда веложарыс турнирі өтті
Колония аумағында веложарыс турнирі ұйымдастырылды. Оларға 20-ға жуық сотталғандар қатысып, оларды командаларға бөлді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы бойынша ҚАЖД АП-162/4 қатаң режимдегі колониясында «Көңілді старттар-2022» өткізілді. Сотталғандар режимдік объект аумағында веложарыста жарысты. Қатысушылар командаларға бөлінді. Барлығы 20-ға жуық сотталған шықты.
– Біздің сотталғандарымыз салауатты өмір салтын ұстанғанын қалаймыз, бұл олардың түзелуіне көмектеседі, климат психологиялық тұрғыдан жақсарады. Мұндай жарыстарды біз колония аумағында жыл сайын өткіземіз, – деді АП-162/4 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Болатбек Тұмарбекұлы.
Қатысушылар арасында велосипедтің рульіне алғаш отырғандар да болды. Жеңімпаздар басшылықтан тәтті сыйлықтар мен алғыс хаттар алды.
– Осындай іс-шаралар үшін мекеме әкімшілігіне үлкен рақмет. Біздің мекемеде спортпен шұғылданғысы келетіндер көп.Колонияда спорт клубы бар, онда жаттығу залы және теннис үстелі бар, – деп түсіндірді сотталған Андрей.
Айта кетейік, іс-шараға велосипедтерді Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы ұсынды. Аталған мекемеде 600-ден астам сотталған жазасын өтейді.