Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысындағы колонияда веложарыс турнирі өтті

Колония аумағында веложарыс турнирі ұйымдастырылды. Оларға 20-ға жуық сотталғандар қатысып, оларды командаларға бөлді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД АП-162/4 қатаң режимдегі колониясында “Көңілді старттар-2022” өткізілді. Сотталғандар режимдік объект аумағында веложарыста жарысты. Қатысушылар командаларға бөлінді. Барлығы 20-ға жуық сотталған шықты.

– Біздің сотталғандарымыз салауатты өмір салтын ұстанғанын қалаймыз, бұл олардың түзелуіне көмектеседі, климат психологиялық тұрғыдан жақсарады. Мұндай жарыстарды біз колония аумағында жыл сайын өткіземіз, – деді АП-162/4 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Болатбек Тұмарбекұлы.

Қатысушылар арасында велосипедтің рульіне алғаш отырғандар да болды. Жеңімпаздар басшылықтан тәтті сыйлықтар мен алғыс хаттар алды.

– Осындай іс-шаралар үшін мекеме әкімшілігіне үлкен рақмет. Біздің мекемеде спортпен шұғылданғысы келетіндер көп.Колонияда спорт клубы бар, онда жаттығу залы және теннис үстелі бар, – деп түсіндірді сотталған Андрей.

Айта кетейік, іс-шараға велосипедтерді Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы ұсынды. Аталған мекемеде 600-ден астам сотталған жазасын өтейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру