Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулық жігіт дәлізден телекоммуникация құрылғысын ұрлап кетті

Теміртаулық жігіт дәлізден телекоммуникация құрылғысын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 наурыз күні Теміртау қалалық Полиция басқармасы Ескіқалалық полиция бөліміне телекоммуникация мекемесінің басшылығы хабарласып, өздері қызмет көрсететін көпқабатты үйлердің дәлізінен белгісіз біреу құны 37 мың теңге тұратын терминал мен инжектор ұрлап кеткені туралы арызданды.

6 сәуір күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 18 жастағы жас жігіт ұсталды. Ол қылмысы туралы мойындап, айғақ заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру