Павлодар облысының ПД бастығы чемпион-полицейлермен кездесті
Павлодар облысының ПД бастығы чемпион-полицейлермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр жақында Шымкент қаласында өткен Қазақстан Республикасы Чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті.
Полиция қызметкерлері Инабат Жабағинова, Назира Ержанова және Ризагүл Андасова екі алтын медаль алып, құрметті бірінші орынға ие болды, Кенжібек Әзілбеков екінші және үшінші орынға ие болды.
Сүйкімді полицей Назира Ержанова өзінің 28 жасында Джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдо және қазақша күрестен Қазақстан Республикасының спорт шебері, дзюдодан Азия чемпионы, «файтинг-жүйелер» бөлімінде Джиу-джитсудан Азия чемпионы, қазақ күресінен Халық ойындарының қола жүлдегері, Испания Лакоруна қаласында дзюдодан Еуропа Кубогының финалисі, дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Тайпей Тайвань, Сана Йемен қалаларында дзюдодан Азия чемпионатының финалисті, Қазақстан Республикасының және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы осы жарыстарда ҚР спорт шебері нормативін орындады.
Ішкі істер органдарында рухы мықты полиция лейтенанты Ризагүл Андасова төрт жыл қызмет етеді, аралас жекпе-жектен, баскетболдан бірінші санатты төреші және 2019 жылғы күш құрылымдары арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері.
Павлодарлық спортшылар Қазақстан Республикасы құрамасының құрамына кіріп, Азия чемпионаты мен әлем чемпионатына жолдама алды.
Василий Скляр спортшыларды лайықты жеңісімен құттықтап, Павлодар облысының Полиция департаменті үшін бұл үлкен мақтаныш екенін атап өтті.
– Біздің әріптестеріміздің жетістіктері полицейлерді құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі күнделікті қызметінде ынталандыруы тиіс. Сіздерге қол жеткізген жетістіктеріңізбен тоқтап қалмауларыңызды және әр жолы өз мақсаттарыңызға сенімді түрде қол жеткізулеріңізді тілеймін, – деп атап өтті бас полицей Василий Скляр.