Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ПД бастығы әйел-полицейлерді марапаттады

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы әйел-полицейлерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Павлодар облысы ПД полиция қызметкерлері полиция органдарында қызмет атқарып жүрген әйелдерді құттықтады.

Департамент бастығы Василий Скляр погондардағы әйелдерді құттықтап, үй ошағы мен жайлылықтың сақтаушысы бола отырып, ерлермен қатар құқық қорғау жүйесінде қызмет атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ, оларға қызметтік міндеттерін орындау кезінде еңбекқорлығы мен жауапкершілігі үшін алғыс айтты.


Барлық нәзік жандыларға денсаулық, махаббат, отбасында келісім мен амандық және қызметте табыс тіледі.

Ардагерлер кеңесі мен Ұлттық ұлан төрағасы Бақберді Абраев барлық әйелдерді құттықтады.

– Барлық полиция қызметкерлері мен ардагерлерін 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге және отбасыларыңызға барлық жақсылықтарды тілеймін. Айта кету керек, адамзаттың әдемі жартысы қандай маңызды және қауіпті мамандықтарды таңдаса да, Сіздер әрқашан нәзік, шын жүректі әдемі болып қала бересіздер, – деп атап өтті Бақберді Балтабайұлы.

Одан әрі салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және департамент бастығының бұйрықтары оқылды.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Павлодар қаласының солтүстік полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы Айгорим Сабитова “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталды.

ІІ-ші дәрежелі “Ішкі істер органдарының үздігі ” төсбелгісімен Полиция департаменті көші – қон қызметі басқармасының Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Гүлстан Батталова, Павлодар қаласы Полиция басқармасы штабының бастығы Сәуле Темешова және Ертіс ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Әлия Мұсабекова марапатталды.

Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының технигі Айгүл Оразбаева облыс әкімінің Құрмет грамотасын алды.

Ішкі істер органдарының ардагерлері де назардан тыс қалған жоқ. Ішкі істер органдарындағы көп жылғы мінсіз қызметі, Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жас буынын тәрбиелеуге белсенді қатысқаны үшін және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты отставкадағы полиция подполковниктері Баян Досымбекова, Людмила Яценко, Фарида Белгібаева, Кравец Тамара және Әйгерім Калина Полиция департаментінің грамотасымен марапатталды. Департамент атынан естелік сыйлық пен алты қызметкер марапатталды. Департаменттің грамоталарымен 11 полицей-әйел марапатталды. Осы бұйрықпен 9 қызметкерге алғыс жарияланды.

Тәртіп сақшылары қызметтік борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан полицейлердің туыстары мен жақындарына шын жүректен қолдау білдіріп, гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Шара соңында полиция қызметкерлері мен жергілікті эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру