Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 102 адамды анықтады

“Қаңғыбас” жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижелері бойынша павлодарлық полицейлер белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 102 адамдарды анықтады, олардың 14-і қабылдау-орналастыру орнына орналастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты – қаңғыбас өмір салтын жүргізетін адамдарды анықтау, есепке қою, дактилоскопиядан өткізу.

– Профилактикалық іс-шара аясында полиция қызметкерлері жеткізілген адамдарды есепке қояды. Егер жеткізу кезінде кейбіреулерінің жеке басын куәландыратын құжаттары, сондай-ақ тұрғылықты жері мен туыстары бар екені анықталса, онда олармен профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Содан кейін олар тұрғылықты жеріне жеткізіліп, туыстарына тапсырылады, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

ЖПШ барысында құқықтық тәртіп сақшылары жертөлелерді, шатырларды, кәріз люктерін, қараусыз қалған ғимараттарды, шаруа қожалықтарын, орман екпелерін тексерді.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері 2 қылмыскердің және 4 хабар-ошарсыз кеткен азаматтың орналасқан жерін анықтады.

Мәселен, есірткі құқық бұзушылыққа күдікті 26 жастағы қылмыстық қылмыскер табылды. Қазіргі уақытта қамауда.

– Павлодарлық жедел уәкілдер 17 жастағы кәмелетке толмаған баланың ата-анасымен ұрысып, үйден кеткен жерін анықтады. Жасөспірім Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы ауылдардың бірінде тұрады. Ал Павлодар қаласына жолаушылап келген. Кәмелетке толмаған бала үйден бірнеше рет кетіп қалған. Қазіргі уақытта, өмірлік қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарды қолдаудың өңірлік орталығына орналастырылды, – деп атап өтті Балғабай Қапаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру