Павлодар облысының полицейлері жеке кәсіпкерден 1911 алкоголь өнімін тәркіледі
Павлодар облысының полицейлері жеке кәсіпкерден 1911 алкоголь өнімін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылы Ақсу қаласындағы дүкендердің бірінде заңмен тыйым салынған уақытта алкоголь сатылды. Учаскелік полиция инспекторы алкогольге қарсы заңнаманы бұзғаны үшін бірнеше рет хаттама жасады, материалдар сотта қаралды. Сот қаулысымен жеке кәсіпкерге жалпы сомасы 193200 теңге айыппұл салынды, ал 1 қарашада лицензияның қолданылуы 2 ай мерзімге тоқтатылды.
Лицензияның тоқтатылуына қарамастан, кәсіпкер тиісті қорытынды жасамай, алкогольді сатуды жалғастырған.
Кезекті рейд барысында учаскелік инспектор алкогольді сату фактісін тағы да анықтады. Бұл ретте кәсіпкер заңсыз қызметке жол берді, өйткені алкоголь өнімін сақтау және өткізу құқығына лицензия болмаған.
– Полиция жеке кәсіпкерден түрлі 1911 бөтелке алкоголь өнімін тәркіледі.
ЖК- ге қатысты кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны, сондай-ақ тиісті рұқсатсыз іс-қимылдарды жүзеге асырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал қарау үшін сотқа жіберілді, – дейді Павлодар облысы Ақсу қаласының полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.
Полицейлер бұл баптың санкциясы – шағын кәсіпкерлік субъектісіне әкімшілік құқық бұзушылық заттары тәркілене отырып, жиырма бес АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейтінін, ал лицензиясыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу – әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған табысты қосымша тәркілеуге әкеп соқтыратынын еске салды.