Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен полицейлері тұрғыннан есірткі тәркіледі

Өскемен полицейлері тұрғыннан есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жібек Жолы көшесін  патрульдеу барысында Toyota Carina E автокөлігі тоқтатылды. Оның салонында 33 жастағы жолаушы болған.

Ер адамды тексеру кезінде жеке заттарынан есірткі заты табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат жалпы салмағы 1362,09 грамм кептірілген марихуана болып табылады.  

Қазіргі уақытта ер адамға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру