Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының Полиция департаментінде балалардан жауап алуға арналған бөлмелер ашылды

Павлодар облысының Полиция департаментінде кішкентай балалардан жауап алуға арналған арнайы бөлмелер ашылды. Полиция қызметінің сервистік модельге көшуі аясында жабдықталған ерекше бөлмелер туралы баспасөз қызметінің қызметкерлері Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтып берді.

Аталмыш кабинеттер кәдімгі балалар бөлмелері секілді ашық тұсқағаздармен безендірілген. Мұнда түрлі ойыншықтар мен үстел ойындары бар. Мұндай бөлмелерде тергеушілер қылмыскерлерден жапа шеккен кішкентай балалармен сөйлеседі.

– Енгізілген жаңашылдықтар уақыт талабына сай. Балалар қылмыстың куәгері болатын жағдайлар аз емес. Мұндай жағдайларда кәмелетке толмағандармен сөйлесіп, жауап алу өте қиын. Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалардан үй жағдайына барынша жақын жерде жауап алынады. Оларға көп адамдармен сөйлесудің қажеті болмайды. Бұл шаралар балалар психикасына зиян келтірмеу үшін қолданылады, – деді Павлодар облысы ПД ТБ бастығы Талғат Арынов.

Кейде кішкентай балалары бар аналар да полицияға келеді, ал мұндай жағдайларда балалар бөлмесінің пайдасы мол. Ата-аналар өтініш жазып жатқанда немесе куәлік беріп жатқанда олардың балалары арнайы бөлмелерде болады.

Өткен жылы Павлодар облысында балаларға қарсы 136 қылмыс жасалған. Кәмелетке толмағандардың өздері 45 құқық бұзушылық жасаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру