Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолаушыларды заңсыз тасымалдап жүрген сарыағаштық жүргізуші анықталды

Түркістан облысында “Автобус” іс-шарасы бойынша тәулік ішінде 24 хаттама түзілген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 20-22 қаңтар аралығында “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы мақсат – аудан аумағындағы автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру.

Аталған іс-шара барысында көлік құралдарының санитарлық, техникалық жағдайы тексеріледі. Оның ішінде, заңсыз қайта жабдықталған, құрылысы келмейтін автобустар, жолаушылар мен жүктерді тасымалдайтын жүргізушілер анықталды.

Сондай-ақ шетел азаматтарын заңсыз тасымалдаумен айналысатын автокөлік иелері де әкімшілік жауапқа тартылады.

“Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Сарыағаш ауданы бойынша бір тәулікте жалпы 24 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы (Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу) бойынша үш жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабымен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бес дерек тіркелсе, ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) бойынша алты жайт тіркеліп, хаттама толтырылды. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (Маневр жасау қағидаларын бұзу) бойынша жеті дерек анықталса, ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабымен (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) бір жайт тіркеліп, хаттама түзілген. Мысалы, Сарыағаш қаласының Майлықожа көшесінің бойынан “Газель” маркалы қоғамдық көлігін тоқтатып, тексеру барысында қосымша екі орындық орнатып алғаны анықталды. Сонымен қатар “Газель” маркалы автокөлігі Сарыағаш автобекеттеріне тіркелмей, жолаушыларды заңсыз тасымалдап жүргені белгілі болды. Осы жайттарға байланысты әкімшілік хаттамалар түзілді.

Өз кезегінде Түркістан облысы ПД-нің полицейлері автокөлік иелері мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларына ЖҚЕ қатаң сақтау және маневр жасау ережелерін бұзбау қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар көлік тізгіндеп келе жатып, ұялы телефон пайдаланбауды әдетке айналдырыңыздар. Заңға бағынайық!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру