Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны алкоголь өнімін заңсыз сатқан

Павлодар облысында ҚР алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнамасын бұзған азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кенжекөл ауылында рейдтік іс-шара өткізу кезінде 2021 жылғы 23 қаңтарда сағат 10.30-да қолына “Родная степь” маркалы арағының бір бөтелкесін ұстап келе жатқан жергілікті тұрғынды көрдім. Ішімдікті сатып алу орны туралы сұрағанда ер адам оны ауылдық дүкеннен сатып алғанын түсіндірді. Мен ер адам көрсеткен дүкенге келіп, сатушының ауыл тұрғындарына бір бөтелке алкоголь сатқанын анықтадым. Белгісіз уақытта алкоголь өнімін заңсыз сату фактісі бойынша дүкен иесіне қатысты Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігі (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу)
бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды, материал сотқа жіберілді, – деді Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Серікжан Сейтахметов.

Полиция қызметкерлері аталған әйелдің сотта жауап беруі керек екенін атап өтті.

Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 29 фактісі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру