Павлодар полицейлері 2 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады
Павлодар облысының полицейлері тұрақты негізде белгіленбеген орындарда темекі өнімдерін пайдалануды бұзу фактілерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Мәселен, 2020 жылдың 26 тамызында сағат 22.00-де Абай көшесінде орналасқан кальян шегетін орында мониторингтік топ екі келушінің кальян қолдану фактісін анықтады, – деді полицей Арман Каптаев. Осылайша, мекеменің иесі де, келушілер де карантин режимінің талаптарын бұзды. Аталған факті бойынша мекеменің екі клиентіне және иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 441-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып айыппұл салынды. Карантин режимін бұзу фактісі бойынша материал ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Павлодар қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.