Павлодар полициясы тұрғындарды балаларына қырағы болуға шақырады
Павлодар полициясы тұрғындарды балаларды бақылауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жылы ауа-райының басталуымен көптеген павлодарлықтар жағалауда серуендейді. Өкінішке орай көбіне ата-аналардың немқұрайлылығынан балалар жазатайым оқиғаларға және жол-көлік оқиғаларына тап болып жатады.
Павлодар облысының ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, мәселен биыл 13 мамырда ЖБО камералары әкесі мен жас баласы пирсте қалай жүргенін тіркеді. Бала ұзақ уақыт бойы телефоннан көз алмаған әкесінің жанында болған. Бала пирстің шетінде тұрып, кез келген уақытта суға түсіп кетуі мүмкін еді.
– Құрметті ата-аналар! Полиция балалар – біздің қоғамның ең осал бөлігі екенін еске салады және жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін кішкентай балаларды өзендер мен су қоймаларының жанында жалғыз қалдырмауды сұрайды. Балаңызға судың шетінде жүруге рұқсат бермеңіз, балаңыздың жанында болсаңыз, олардан бір секундқа да көзіңізді алмаңыз, алаңдамаңыз. Кейде бір минуттық қырағылықтың жоғалуы қайғылы жағдайға айналуы мүмкін. Есіңізде болсын, балалардың өмірінің қауіпсіздігі көп жағдайда сізге байланысты, – деп ескертеді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.