Павлодар саяжайларын полицейлер ат үстінде күзетеді
Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының кавалерия бөлімшесі қала маңындағы саяжайларды тәулік бойы ат үстінде күзетеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Саяжай ұрлығының алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау — Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының кавалерия бөлімшесінің негізгі міндеттері. Кавалерия бөлінісінің балансында барлығы 17 жылқы бар. Күн сайын екі бағытқа төрт ат үстіндегі қызметкер қызмет көрсетеді.
Қазіргі уақытта жазғы саяжайларда патрульдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстың негізгі бағыты – халықпен өзара іс-қимыл. Тұрғындар, бау-бақша қауымдастықтарының төрағалары мен күзетшілері күдікті бейтаныс адамдар немесе айналасындағыларды мазалайтын мас адамдар жүрген кезде кімге жүгіну керектігін біледі.
Полиция тұрғындармен профилактикалық әңгімелер жүргізеді. Сондай-ақ жазғы кезеңде қырағы тұрғындармен тығыз байланыс бірнеше ұрлықтың жолын кесуге мүмкіндік береді. Күдікті адамның, бейтаныс көліктің болуы – полицейлерге қоңырау шалуға себеп.
– Атты патруль өзін ыңғайлы көлік ретінде көрсете білді.Көлік жүре алмайтын жерде жылқылар жүреді. Полиция қызметкерлері аумақта заңсыз жүрген адамдарды анықтау мақсатында бау-бақша шаруашылығында үнемі рейдтер жүргізеді. Сондай-ақ құрылыс объектілеріне, оның ішінде тоқтатылған және қараусыз қалған ғимараттарға, саяжай учаскелеріне тексеру ұйымдастырылды. Олар әрі қарай тексеру үшін автомобиль патрульдеріне беріледі. Тұрғындарға өз мүлкін қорғау бойынша шаралар қабылдау қажеттігін еске саламыз. Саяжайларда құнды заттарды қалдырмаңыз, сенімді құлыптарды қолданыңыз, мүмкіндігінше өз учаскелеріңізді жиі тексеріп отырыңыз, — дейді Павлодар қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.
Сондай-ақ полицейлер кез келген заң бұзушылықтар туралы «102» арнасына дереу хабарлауға немесе «police 102» мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады.