Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полициясы бірқатар цифрландыру жобасын дамытуды қолға алды

Павлодар облысың полиция департаменті полиция жұмысын жақсарту мақсатында бірқатар цифрландыру жобасын дамытуды қолға алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және полиция жұмысының деңгейін арттыру мақсатында облыстық полиция ведомствосында полицейлердің тиімді қызметі үшін бірқатар жобалар жоспарланған.

– Қазіргі уақытта полиция департаментінің жедел басқару орталығын және қолда бар инфрақұрылымды жаңғырту бойынша 755 млн теңге көлеміндегі сомаға конкурсқа өтінім мен материалдар дайындау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр, – дейді Павлодар облысы ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы Вячеслав Ипатов.

“Полиция бөлімдерінің кезекші бөлімдерін ең аз функционалы бар аппараттық-бағдарламалық кешендермен жарақтандыру және жинақтау” жобасы жұмыс барысында үлкен көмек болады. Бұл болашақта ҚР ІІМ жүйесінде “орталық – облыс – қала – аудан” жедел басқару орталықтарының бірыңғай архитектурасын құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Тізімге 12 полиция бөлімі енгізілген. Осы жобаны іске асыру мақсатында облыс әкімдігіне қаржы лизингі шарттарында осы жобаны қаржыландыру мәселесін қарау туралы хат жолданды.

– Барлық жобалар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Атап айтқанда бұл қылмыстық жағдайлар, жол-көлік оқиғалары, экологиялық қауіптер, терроризм, сондай-ақ жалған сын-қатерлер санын, төтенше жағдайлар кезінде полиция қызметкерлерінің ден қою жылдамдығын азайтуға, объектінің қозғалысын бақылауға, қылмыстардың ашылу деңгейін және тергеу процесінің ашықтығын арттыруға бағытталған, – деп атап өтті Вячеслав Ипатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру