Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар тұрғыны алаяққа 1,2 млн теңгесін беріп қойды

Павлодар тұрғыны алаяққа 1,2 млн теңгесін беріп қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар тұрғынына белгісіз абоненттік нөмірден қоңырау шалып, өзін Андрей деп таныстырған ер адам депозиттермен жұмыс істеу бойынша банктердің бірінің жетекші менеджері екенін хабарлады.

Әңгіме барысында ол банкте депозит бойынша пайыздық мөлшерлеме 1%-ға артатынын айтқан, бұл қала тұрғынын қызықтырды, өйткені оның депозитінде пәтер сатып алуға жиналған жинақ болған. Сол күні пайыздарды есептеу үшін ер адам қосымша келісімді онлайн рәсімдеуді ұсынған. Қала тұрғыны келіскеннен кейін оған нөмірге 6 таңбалы коды бар SMS-хабарлама келген, оны қоңырау шалушыға айтқан. Кейін қала тұрғыны екі депозиттен шамамен 1,2 млн теңге есептен алынғанын анықтаған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлімі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмысқа күдікті адамдарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру