Павлодар тұрғыны полицияға трамвай жолдарында тұрған мас адамға шағымданды
Павлодар тұрғыны полицияға трамвай жолдарында тұрған мас адамға шағымданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 маусымда Павлодар полициясына әйел адам қоңырау шалып, ол усолка шағын ауданында трамвай жолдарымен мас адамның жүріп бара жатқанын айтты. Қоңырау шалушы ер адам трамвай астына түсуі мүмкін деп алаңдаған.
– Полицейлер мас адамды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізді. Сондай-ақ, қала тұрғыны ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осыған ұқсас хабарлама Екібастұз тәртіп сақшыларына да келіп түсті. Қала сыртында жолда мас әйел жүргені туралы айтқан. Дереу полиция аталған жерге шықты, әйел шынымен мас болған.