Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда 157 мал иесі ережелерді сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында 1800-ге жуық иесіз жүрген мал «қамауға алынды», – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мал иелерінің жайылып жүрген малдарына немқұрайлы қарауы қайғылы салдарға әкелуі мүмкін, бақылаусыз жайылып жүрген малдар қаскүнемдер үшін жеңіл табыс болып табылады.

– Жыл басынан бері мыңға жуық иесіз жүрген мал басы айыппұл тұрағына қамалды. Облыс аумағында барлығы 145 айыппұл тұрағы жұмыс істейді, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров.

Сондай-ақ, Павлодар өңірінің жанашыр тұрғындары да өз үлестерін қосуда. Павлодарлық пабликтердің бірінде Баянауыл ұлттық паркінің аумағындағы қорық аймағында жылқылар жайылып жүр деген бейне жарияланған болатын, осы факті бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында Баянауыл аудандық ПБ полиция қызметкерлері жылқы иесін анықтады. Ол ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.

Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер мал жаю ережелерін сақтамағаны үшін 157 мал иесін жауапкершілікке тартты. Иесіз жайылып жүрген 1800 мал айыппұл тұрағына қамалды, оның ішінде 780 жылқы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру