Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін Павлодар облысының тұрғындары ұсталды

Павлодар облысында 2250-ден астам тұрғын қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтардың көшелерде, саябақтарда, кіреберістерде, сауда үйлерінде және басқа да көпшілік пайдаланатын орындарда мас күйде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Бірақ бұл туралы Екібастұз қаласының тұрғыны ұмытып кеткен болар. Достарымен алкоголь ішіп, ол үйіне жете алмай, пәтерінің есігінің астында ұйықтап қалған. Ер адаммен бір қабатта тұратын көршілері полицияға қоңырау шалды.

Азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігі бойынша қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекетіне әкімшілік хаттама толтырылды. Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ер адамға бес тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта ер адамды алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу үшін материалдар жиналуда.

Осындай жағдай Павлодарда да орын алды. Ер адам алкоголь ішіп, көшеге шығып, өзін дұрыс ұстай алмады. Ол басқа азаматтарға балағат сөздер айтып, айғай көтерген. Оқиға орнына келген полицейлер 35 жастағы павлодарлықты уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жіберді, сонымен қатар, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

– Ағымдағы жылы ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабын “алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу” бұзғаны үшін Павлодар өңірінің 2250-ден астам тұрғыны анықталды, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру