Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер павлодарлық тұрғыннан заңсыз қару тəркіледі

Павлодар облысының полицейлері ер адамнан заңсыз қару тəркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Рейдтік іс-шаралар барысында павлодарлық азаматтың үйінің гаражынан белгісіз маркалы тегіс ұңғылы бір ұңғылы мылтық табылып, тәркіленді. Тәркіленген қару сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Сараптамалық зерттеулердің нәтижелері бойынша оның маркасы, моделі және кімге тиесілі екені белгілі болады. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады Департаменттің Əкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Арыстан Дүйсембаев.

Полиция атыс қаруын немесе оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Айта кету керек, жауапкершілік қаруды дұрыс сақтамағаны үшін ғана емес, сонымен қатар, оны дұрыс алып жүру, тасымалдау, сату, беру және сатып алу үшін де туындайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру