Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер мотокөлік жүргізушілерін жолда сақ болуға шақырады

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері мотокөліктердің жарақат қауіптілігі туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн жылына салысымен елордада тұрғындар мотокөлікті белсенді түрде пайдалана бастайды. Мотокөліктің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғалары ауыр жарақат алу қауіпі бар оқиғалардың бірі болып табылады. Жолда қозғалыс кезінде мұқият болмау орны толмас оқиғаға әкеп соқтыруы әбден ықтимал.

Статистикаға сәйкес мототехниканың қатысуымен жасалатын авариялардың басым бөлігі мотокөлік жүргізушісінің кінәсінан орын алып жатады. Бұндай аварияларға мотокөлік жүргізушілерінің көбінесе жол жүрісі қағидасын елемеуі себеп болады.

Мотоциклшілердің кінәсынан орын алатын оқиғалардың негізгі себептері жылдамдық режимін асыру, басып озу және маневр жасау қағидасын бұзу, көлік құралын басқару құқығының және көлік құралын жүргізу дағдыларының болмауы болып табылады. Желөкпелік, тәжірибесіздік және бейқамдық ауыр жарақатқа және адам өліміне әкеп соқтыруы мүмкін.

Осылайша, 2021 жылғы 7 сәуірде сағат 21:20-да 17 жастағы жүргізуші “Reiser” мотоциклін Қорғалжын тасжолының бойымен Байғанин көшесі жаққа қарай басқарып келе жатып, рөлге ие бола алмай көшені жарықтандыратын тірекке барып соғылған. ЖКО салдарынан мотоцикл жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған. Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жолдарда желөкпелік пен даңғойлыққа салынып жүру орны толмас қайғыға әкеп соқтыратынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру