Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда 18 жастағы жасөспірімнен синтетикалық есірткі табылды

Павлодарда 18 жастағы жасөспірімнен 28 грамм синтетикалық есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Палодар облысы ПД-ның есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарамасының қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына күдікті 18 жастағы жұмыс істемейтін азаматты ұстады. Күдіктіні жеке тексеру кезінде полиция қызметкерлері салмағы 28 грамм болатын 40 түйіншекті тәркіледі.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған адам қамауға алынды. Бұл қылмыс үшін 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз) деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру