Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда баланы көліктің алдыңғы орындығында тасымалдаған жүргізушілер анықталды

Павлодарда баланы көліктің алдыңғы орындығында тасымалдаған жүргізушілер анықталды, – деп хабаралайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес 7 жасқа дейінгі балалар көлік салонында тек автокреслада болуы керек. Мұндай құрылғылардың негізгі мақсаты-сапар кезінде және соқтығысу кезінде баланы қорғау. Балаларды ересектердің қолында тасымалдауға тыйым салынады.

7 жасқа толмаған баланы автомобиль салонында қалдырған ата-аналар да әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

– Ак. Сәтпаев көшесінде полиция қызметкерлері Lada автокөлігін тоқтатты, оның жүргізушісі баланы көліктің алдыңғы орындығында тасымалдаған, осылайша ЖЖЕ 22.7.2.т. бұзды,- деді Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қуаныш Мұстафинов.

Тағы бір жағдайда, осындай құқық бұзушылыққа  жүргізушісі жол берген. Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әрқайсысына 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

ВИДЕО МҰНДА

Жалпы, Павлодар облысында жыл басынан бері осы бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлімі бойынша 6906 адам жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру