Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда баланы тасымалдау ережесін бұзған тұрғын жауапқа тартылды

Павлодарда баланы тасымалдау ережесін бұзған тұрғын жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Hawal автокөлігінің жүргізушісі Дүйсенов көшесінде жас баланы алдына отырғызып тасымалдады деген бейнеқоңырау полиция операторына мобильді қосымшасы арқылы келіп түсті. Хабарлаған жүргізуші, ер адам өзінің іс-әрекетімен баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретініне наразы болды.

- Қызметкерлер дереу аталған көшеге шығып, көлік тоқтатылды. Жүргізуші заң бұзушылықты жоққа шығарған жоқ. Жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін ол жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, - деп атап өтті Павлодар облысының полиция департаменті.

Балаларды көлікте тасымалдау қауіпсіздігі ата-аналар үшін басты басымдықтардың бірі болып табылады. Ең қауіпсіз нұсқа – балалар ұстағышын орнату.

Тәртіп сақшылары "Police 102" мобильді қосымшасының және SOS түймесінің жұмыс істеуі азаматтардың хабарламаларын қабылдау жобасының бір бөлігі екенін және полицейлердің құқық бұзушылықтар мен оқиғаларға одан да жедел ден қою мақсатында әзірленгенін еске салды.

https://youtu.be/OR74i3JJcxM

Егер сізге көмек қажет болса немесе жанжалды жағдайға тап болсаңыз, полицияға осы қосымша арқылы хабарласыңыз: қоңырау шалу себебін, оқиғаның мекенжайын атаңыз және оператордың барлық сұрақтарына жауап беруге тырысыңыз. Тұтқаны ажыратпаңыз, оператор сөйлесуді аяқтағанша күту керек.

Жыл басынан бері 14 азамат Омниканалдылықтың көмегін пайдаланды.

"Заң және тәртіп" қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қолдауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру