Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда есепте тұрған 1700-ден астам адам тексерілді

Павлодарда ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдар арасында құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың алдын алу мақсатында 15-25 мамыр аралығында «Есепте тұрған адамдар» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл күндері қызметкерлер тұрғылықты жері бойынша есепке алынған адамдарды тексереді, сондай-ақ іздеуде жүрген және бақылаудан жалтарғандардың орналасқан жерін анықтайды.

– Мекенжайларға бару барысында есептегі адамдар тарапынан жасалынған құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік хаттамалар толтырылады. Бұдан басқа, ақпараттық іздеу жүйелері бойынша олардың тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстарды уақытылы анықтау тұрғысынан тексеру жүзеге асырылады, – деді Павлодар қаласының ПБ бастығы Ермек Әлжанов.

Осылайша, төрт күн ішінде полицейлер ІІО-да есепте тұрған 1700-ден астам адамды тексерді, алынбаған және өтелмеген соттылығы бар адамдар тарапынан 50-ден астам бұзушылықтар анықталды. Бұзушылықтың әрбір фактісі бойынша түсіндірме әңгімелер жүргізіліп, ескертулер шығарылды.

Есепке алынатын адамдармен қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелер жүргізіледі, ішкі істер органдарында профилактикалық бақылауда тұрған, өтелмеген және алынбаған соттылығы бар адамдарға жауапкершілік қайта түсіндіріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру