Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер ақмолалық тұрғынға дене жарақатын салған азаматты ұстады

Полицейлер 26 жастағы ақмолалық тұрғынға дене жарақатын салған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының полиция басқармасына бұзақылық дерегі туралы хабарлама келіп түсті. Облыс орталығының тұрғыны ағымдағы жылдың 17 мамыр күні сағат 01:00 шамасында облыс орталығы көшелерінің бірінде белгісіз ер адам оған себепсіз дене жарақатын салғанын хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Қазір оның қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр.

Полиция басқармасы аталған деректі ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру