Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда есірткі курьері ұсталды

Павлодарда есірткі курьері ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің жедел қызметкерлері өзін байыту мақсатында тыйым салынған заттарды байланыссыз тәсілмен таратқан 32 жастағы есірткі курьерін ұстады.

– Ер адамның тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде салмағы 700 грамнан асатын кристалды заттар табылды. Кейін жасырын қоймадан тағы 390 грамм есірткі алынды. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат жалпы салмағы бір келіден асатын a-PVP құрамды синтетикалық есірткі болып шықты, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ер адамның аймақтық есірткі қоймасының курьері және буып-түюші рөлін атқарғаны анықталды. Күдікті есірткінің үлкен партиясын қабылдап алғаннан кейін оларды бөлшектеп жасырын орындарға салып отырған.

Тәркіленген есірткі бес мыңнан астам бір реттік дозаны құрайды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Павлодар қаласының УҰИ-не қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру