Павлодарда көлігін дұрыс тұрақтамағаны үшін 135 жүргізуші жауапқа тартылды
Павлодарда көлігін дұрыс тұрақтамаған 135 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының полицейлері басқа көліктердің жолын жауып, дабылды өшіріп, телефонды алмауға тырысатын жүргізушілерді күн сайын кездестіреді. Тұраққа дұрыс қойылмаған жедел жәрдем, өрт сөндірушілер машиналары сияқты өмірлік маңызды қызметтердің жүруіне кедергі келтіретін жағдайларды тудырады.
Мысалы, 7 ақпанда павлодарлық Баян батыр көшесіндегі балалар алаңында үш көлік тұраққа қойылғанын айтты. Полицейлер көлік жүргізушілерінің жеке басын анықтау бойынша шаралар қабылдады. Жүргізушілердің әрекеттерінде ҚР ӘҚБК 597-бабының 3-бөлігімен (Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) реттелетін құқық бұзушылық белгілері байқалған.
Тағы бір жағдайда, 102 жедел арнасына Mazda көлігінің жүргізушісі Астана көшесіндегі ауланың ортасына өз көлігін қойып, басқа көліктерге жүруге жол бермегенін хабарлап, бойжеткен қоңырау шалды.
– Осындай адамдардың ісінен баланы бақшаға апару үшін таңертең такси шақыруға тура келді! Бір сағат уақытымды жоғалттым! Әрбір осындай жағдайда жүргізушіні шақырамыз ба?!, – дейді қала тұрғыны.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай бұзушылықтарға жол берілмейді, өйткені бұл көлік иелері жол қозғалысының басқа қатысушыларына қолайсыздық тудырып қана қоймай, төтенше жағдайлар туғызады.
Айта кету керек, жыл басынан бері 135 жауапсыз жүргізуші дұрыс тұрақтамағаны үшін жазаға тартылды.