Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер үш күннің ішінде мас күйде көлік басқарған 16 жүргізушіні анықтады

Жамбылдық полицейлер үш күннің ішінде мас күйде көлік басқарған 16 жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында облыс аумағында 4-6 ақпан аралығында мас күйде көлік басқарған жүргізушілерді анықтау бойынша жергілікті іс-шаралар өткізілді.

Үш күн ішінде тәртіп сақшылары 1 114 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді және көлікті мас күйінде басқарған 16 жүргізушіні анықтады.

Мысалы, патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен патрульдеу кезінде 5 ақпанда түнгі сағат 23:20 шамасында Меркі ауылында 55 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Toyota Camry автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында полицейлер ер адамның көлікті мас күйінде басқарғанын анықтады.

Тәртіп бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылды.

– Осындай құқық бұзушылықтар Қордай, Тұрар Рысқұлов, Мойынқұм және Шу аудандарында да орын алған. Енді көлік жүргізушілерге әкімшілік қамаққа алу және көлік құралын басқару құқығынан жеті жылға айырылу қаупі төніп тұр, – деді Жамбыл облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру