Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда көпқабатты үйдің терезесінен 2 жасар бала құлап кетті 

Павлодарда көпқабатты үйдің терезесінен 2 жасар бала құлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қыркүйек Павлодар қаласының Облыстық балалар ауруханасында 2 жастағы бала қайтыс болды. Анықталғандай, 6 қыркүйек М.Жүсіп көшесіндегі үйдің 8-ші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен бала құлап, жарақат алған, бірақ келесі күні ауруханада көз жұмған. Терезеде маса, шыбын-шіркейден қоғаныш торы ғана орнатылғаны белгілі болды.

 – Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері Павлодар облысында кәмелетке толмағандардың терезеден
құлауының 10 жағдайы тіркелді, екі жағдайда екі бала қайтыс болды. Көп жағдайда жазатайым оқиғалар мектеп жасына дейінгі балалармен болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру