Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда 10 кәмелетке толмаған мас күйде ұсталды

Павлодарда мас күйде 10 кәмелетке толмаған ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көктемгі демалыстар жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту, алдын алу және кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі бұйымдарын сатуға жол бермеу мақсатында Павлодар қаласының аумағында көктемгі мектеп демалыстарында «Көктемгі демалыстар» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. 

Павлодар қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі Ювеналды полиция тобының аға инспекторы Руслан Сүлейменовтің айтуынша, полицейлердің алдында кәмелетке толмағандардың алкогольдік мас күйінде қоғамдық орындарында, сондай-ақ талаптардың бұзылуымен көрінетін, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта болу фактілеріне жол бермеу міндеттері қойылды.

Кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі бұйымдарын сату фактілерін, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қылмыс және қоғамға қарсы әрекеттерді (қайыршылық, спирт және темекі бұйымдарын пайдалану) жасауға тарту фактілерін анықтау және жол бермеуге баса назар аударылды.

ЖАІ өткізу кезеңінде полиция бөлімдеріне 20-дан аса адам жеткізілді. 69 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

– «Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу немесе білім беру, құқықтары мен мүддесін қорғау да міндеттерін орындамау» ҚРӘҚбК 12-бабы бойынша – 11;
– «Алкоголь ішімдіктерін ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарында болу» 440-бабы бойынша -10;
– «Сағат 23.00-ден таңғы 06.00 дейін үйінен тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз кәмелетке толмағандардың болуы» 442-бап 2-бөлігі бойынша – 49.

29 наурыз түнгі сағат 23-тен кейін Теплова көшесі бойымен жігіт келе жатқан, ол полицей жарығын көрген кезде қашқан. Алайда, жігіт жасырына алмады. Жауап алу кезінде оның жасы 15-те және ауызынан алкоголь иісі мүңкіп тұрғаны анықталды. Полиция бөліміне ата-анасын шақыртып, жігітке куәландыру жасалды. Медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша, ұл бала орта дәрежелі алкогольдік мас күйінде болды. Ол полицейлерге оның атасының туған күні болғанын және ол достарымен 200 гр. алкоголь ішкенін айтты. 

Полицей Руслан Сүлейменов жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде жеті кәмелетке толмағанды профилактикалық есепке, 16 отбасыны жайсыз отбасы ретінде есепке қойғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру