Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері кәсіби қалта ұрысын ұстады

Түркістан облысының полицейлері кәсіби қалта ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ол күндіз өзінің киім сататын дүкеніне белгісіз біреулер кіріп, әмиянындағы 125 мың теңгесін жымқырып кеткенін көрсеткен. Аталған жайт аудандық полиция бөліміне ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында аудандық полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары көрген-білгендерден жауап алып, бейнебақылау камераларын тексерді.

Нәтижесінде күдіктінің ұрлық жасаған сәтіндегі бейнежазба анықталып, базар аумағына бекітілген учаскелік полиция инспекторларына бағыт берілді. Жан-жақты тексеру жұмыстарының арқасында, тәулік ішінде күдікті әйел Жамбыл облысынан ұсталды.

Тергеу барысында анықталғандай, Шымкент қаласының тұрғыны, бұрын бірнеше рет сотты болған әйел болып шықты. Күдікті әйел дүкенге кіріп әмияннан ақша алып, білдіртпестен жәбірленушінің жанынан өте шыққан. Күдіктінің бас шарасы қамауда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде тұрғын ойда-жоқта ақшасынан айырылып, оны қырағылықтарының арқасында қайта тауып берген полицейлерге шынайы ризашылығын жеткізді.

Түркістан облысының полицейлері ескертеді, әмияныңызға, бағалы заттарыңызға, ұялы телефоныңызға барынша сақ болыңыз. Заттарыңызды көзге көрінетіндей жерде, ашық қалталарда сақтамаңыз. Егер, сіз де, ұрлық қылмысының құрбаны не куәгері болсаңыз, тез арада полицияның “102” нөміріне хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру