Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оңай жолмен құжат істетпек болған оралдық жарты миллион теңге ақшасынан айырылды

Оралда жүргізуші куәлігі мен әскери билетті аламын деп ақшасынан айырылған тұрғын полицияның көмегіне жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2001 жылы туған С. есімді азамат 2020 жылдың қыркүйек айында алаяқтардың бірінің арбауына түсіп, ақшасын да, құжаттарын да ала алмай, сан соғып қалған. Жарты жыл өзінің құжатын күткен 20 жастағы азамат алданғанын біліп, полицияға шағымданып келді. Ал аңқау тұрғынның сеніміне кіріп, оңай жолмен пайда таппақ болған алаяқ 480 мың теңгеден астам ақшасын жымқырып кеткен.

Қабылданған шаралар бойынша 1994 жылы туған К. есімді азамат ұсталды. Азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы бар –жоғы анықталуда. 

Алаяқтық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

БҚО ПД қызметкерлері тұрғындардың алаяқтардың құрбанына айналмай, барлық жеке басқа қатысты құжаттарды тиісті мекемеге барып, заң жүзінде шешуді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру