Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері жолда қалған жүргізушіге көмек көрсетті

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жолда қалған жүргізушіге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО ПД-ның “Instargam” әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына Шығыс Қазақстан облысының тұрғынынан хабарлама келіп түсті, онда ол жолда болған оқиға туралы айтып берді.

Қыздың айтуынша, ол Алматыдан Өскеменге өз көлігімен жолға шыққан.

– Таңертең қала маңына тақай бере менің көлігім қатты түтіндеді, – деп бөлісті автокөлік жүргізушісі.

Автокөлік иесін жанынан өтіп жатқан бірде-бір көлік жүргізуші көмекке тоқтамағаны таң қалдырған.

Сол кезде ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Достан Ошабаев пен Еркебұлан Қабылғалиев патрульдеу бағытында жүріп келе жатып, капот астынан түтін шыққан автокөлікті байқаған.

Патрульдік полиция қызметкерлері көліктің бұзылу себебін анықтап, жолда қалған қыздың сынған көлігін үйге дейін жеткізу үшін трактор шақырған.

– 110 борттық нөмірлі біздің патрульдік полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді, – деді көлік құралының иесі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру