Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер анықталды

Павлодарда мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласында тәулік ішінде тәртіп сақшылары 119 әкімшілік заңнаманы бұзуды тіркеді, оның ішінде 80 жүргізушіні – жылдамдықты асырғаны, 4 жүргізушіні – жүргізу құқығынан айырыла тұра көлік жүргізгені, 3 жүргізушіні – жүргізу құқығынсыз көлік жүргізгені үшін жауапкершілікке тартты. Бірақ полицейлер мас күйінде көлік жүргізу өте қауіпті бұзушылық деп есептейді.

– Қала жолдарында бір тәуліктің ішінде ғана мас күйде 6 жүргізуші тоқтатылды. Барлық бұзақылар жауапкершілікке тартылып, автокөліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды,- деп хабарлады Павлодар қаласы ПБ бастығы Ермек Әлжанов.

Мысалы, тәртіп сақшылары сағат 04:12-де Естай көшесінің бойында Hyundai Sonata автокөлігін байқады және оның жүрісі полиция үшін күдікті болып көрінген. Шынында да, тексеріс кезінде бұл расталды. Ер адамнан алкагольдің күшті иісі шығып тұрған, сөйлеуі түсініксіз, тәртібі адекватсыз болған. Медициналық куәландыру “орташа” дәрежедегі мас күйін анықтады. Тағы да Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісін полицейлер Академик Сәтпаев көшесінің бойында ұстады. Куәландыруды жүргізуден өткесін 31 жастағы жүргізуші авткөлікті есірткілік мас күйде жүргізгені анықталды.

Жауапкершіліксіз әрекеттері үшін жүргізушілер ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабын (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бұзғаны үшін он бес тәулікке дейін қамау және жеті жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айыру қаупі бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру